377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 187
  • UPD: 16:24, 26.12.2019
Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

27 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Сондай-ақ, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жұма күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. 27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Демалыс күндері жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы