376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңындағы Талапкер ауылына №326 автобус қатынайды

  • 144
  • UPD: 12:22, 30.12.2019
Елорда маңындағы Талапкер ауылына №326 автобус қатынайды

31 желтоқсаннан бастап Талапкер ауылына қатынайтын №326 жаңа бағдар іске қосылады, деп хабарлады Астана LRT.

«Жаңа жыл қарсаңында жақсы жаңалық. Ертең, 2019 жылдың 31 желтоқсанында №326 жаңа бағдар іске қосылады. Аталмыш бағдардың автобустары «Ақан сері көшесі» аялдамасынан Талапкер ауылына дейін қатынайды», - делінген хабарламада.

№326 бағдар Талапкер ауылындағы мына аялдамаларға тоқтайды: «М.Мәметова көшесі», «Әл-Фараби көшесі», «Достық көшесі» және «№4 модуль».

Хабар 24 телеарнасы