376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 148
  • UPD: 17:08, 30.12.2019
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде 31 желтоқсанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады РМК «Қазгидромет».

Шығыс Қазақстан облысында 30-31 желтоқсан күндеріне дауылды ескерту жарияланды. 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

31 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, желдің күші күндіз кей жерлерде 18 м/с болады деп күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

31 желтоқсанда күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Орал қаласында 31 желтоқсанда тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады күтіледі. Шымкент және Түркістан қалаларында 31 желтоқсан күні тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

31 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерде тұман болады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің күші 15-20 м/с болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Хабар 24 телеарнасы