375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер шығысқазақстандықтарға алыс жолға шықпауға кеңес береді

  • 113
  • UPD: 22:38, 30.12.2019
Синоптиктер шығысқазақстандықтарға алыс жолға шықпауға кеңес береді

Еліміздің шығысында соңғы бірнеше тәулікте  ауа райы ерекше құбылып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбір аудандарда дауыл соғып, соңы қарға ұласты. Кешелі бері өңірдегі бірқатар автокөлік жолдары  жабық тұр. Төтенше жағдайлар қызметі халыққа алыс жолға шықпау туралы хабарламаны сәт сайын жіберіп жатыр. Ал «Қазгидромет» мамандары қолайсыз ауа райы аймақта әлі де бірнеше тәулік болатынын мәлімдеді. Сондықтан Жаңа жыл мейрамы кезінде құзырлы органдардың хабарламасын назарға алуды ескертеді. Лаж болса, алыс жолға шықпауға кеңес береді.  Ал биыл желтоқсан айында қар қалың жауды. Қазір облыс орталығының өзінде ақ ұлпаның қалыңдығы 40 сантиметрден асып кетті. Коммуналдық мекемелер күндіз-түні жұмыс істесе де, тазалап үлгермей жатыр.

Хабар 24 телеарнасы