418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы Ораза және Құрбан айт мерекесі қай күні басталады

  • 14291
  • UPD: 18:11, 03.04.2020
2020 жылы Ораза және Құрбан айт мерекесі қай күні басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында 2020 жылғы діни күндер күнтізбесі жарияланды.

Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 25 сәуірде басталады, ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге тура келеді.

20 мамырдан 21 мамырға қараған түні мұсылман жамағат Қадір түнін қарсы алса, Ораза айт мейрамын 24 мамырда, Құрбан айтты 31 шілдеден бастап атап өтеді.


Ескерту: Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір тәулікке шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы