427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жыл несімен ерекшеленбек. Астрологтың жауабы

  • 824
  • UPD: 12:46, 31.12.2019

Келер жыл несімен ерекшеленбек?  Жалпы тышқан жылы туған адамдар ашық мінезді және үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүреді екен. Ал астрологтар жаңа - 2020 жылды тума-туыс пен жора-жолдас арасында қарсы алуы керек дейді.

Келер 2020 жыл - толық тазару, тазалық жұмыстарын жүргізу жылы болып саналады. Пайдасыз, көне, артық заттардан құтылатын кезең. Ал қарым-қатынаста гармония жоғалуы мүмкін. Бұрын некелескен жұптар үшін алдағы жыл белгілі бір сынақ іспетті болмақ. Астролог Гүлмира Махметованың пікірі осындай.

Гүлмира Махметова, астролог:

- Бірі ауыртпалығы көп жұмысынан құтылуы мүмкін. Енді бірі келешегі жоқ қарым-қатынасты тоқтатуы ықтимал. 2020 жыл Марс пен Венера ғаламшарларының ықпалында болады. Осыған байланысты көпшілік үшін белгілі бір маңызды жоспарын кейінге шегере тұрғаны дұрыс. 

Мамыр мен маусым айлары аралығында Венера ғаламшары кертартпалық тез сипатқа ие болады. Сондықтан астролог маман аталған көктем соңы мен жаз мезгілі басында косметикалық процедура жасамау, некелеспеу, ірі көлемде қаржылық инвестиция жасамау және жылжымайтын мүлік сатып алмау туралы кеңес берді.      

Гүлмира Махметова, астролог:

- Қыркүйек пен қараша айлары аралығында Марс ғаламшарының кертартпалық әсері байқалады. Бұл кезеңде адамдарға аса қатты белсенділік танытпауға шақырамын. Хирургиялық операция жасамауға, бизнес ашпауға кеңес беремін. Өйткені бастаған істі соңына дейін жеткізу көбі үшін оңайға соқпайды. Бойындағы энергиясы сарқылып қалуы мүмкін.

 

20 жылда бір мәрте Сатурн мен Юпитер кездесіп, Тауешкі белгісінде тоғысады. Аталған екі ғаламшардың энергиясы бір-біріне қарама қайшы келеді. Сатурнды самайына ақ түскен қатал ұстаз кейпінде қарастырсақ, Юпитер бақыт, табыс және сый-сияпат ғаламшары болып саналады. Сый-сияпат демекші, келер жылы сыйлықтар мен сыйақы орнымен және тек лайықтыларға беріледі. Ал елорда тұрғыны Билкис Бахари Қазақстанның басты құндылығы, ту еткен бейбітшілігі жалғаса берсе екен дейді.

Билкис Бахари, елорда тұрғыны:

- Мен Қазақстан халқын өткен және келе жатқан мерекесімен құттықтап, тек жақсылық тілегім келеді. Мұндағы саясат бейбітшілік пен бітімгерлік тұғырынан түспесін. Жаңа 2020 жыл бәрімізге құт әкелсін.  

Майсалбек Курбаналиев, елорда тұрғыны:

- Қазақстанда адамдар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік жоғарғы деңгейде. Себебі әр түрлі ұлт пен ұлыс арасындағы келісім, үлкенге құрмет, кішіге ізет ұғымдары берік орнаған. Лайым алдағы уақытта да елде тек жақсылық бола берсін.

2020 жылы бала туу көрсеткіші өседі. Өйткені тышқан мен егеуқұйрық кішкентай болғанымен, тез көбейгіш әрі өміршең кеміргіштер түріне жатады. Ақ, сұры, күміс және жылтыр түстес киім-кешек киген сәттілік әкеледі.  

Ал нумерологтардың айтуынша, келер жылдың басты саны 4. Бірақ Күн мен Ай әдеттегідей 4 рет емес, 6 рет тұтылады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Әнуар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы