426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалай алады

  • 778
  • UPD: 11:37, 31.12.2019
Елордалықтар жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалай алады

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары жаңажылдық отшашуды тамашалай алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашуды Есіл өзенінің жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көруге болады.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша 00:00-де басталып, 6 минутқа созылады. Фейерверк биіктігі – 210 метр, ені – 250 метр.

Әкімдіктің хабарлауынша, отшашу өткізуге бюджеттен қаражат бөлінбеген және ол толығымен демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы