378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда қала маңындағы бағдарлар тоқтатылып, жолдар жабылды

  • 136
  • UPD: 15:46, 01.01.2020
Нұр-Сұлтанда қала маңындағы бағдарлар тоқтатылып, жолдар жабылды

Елордада бұрқасынға байланысты бірнеше қала маңы бағдарлары мен күре жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін күшті бұрқасынға байланысты бірқатар қала маңы маршруттарындағы қозғалыс тоқтатылды.

Талапкер кентінің жолаушылары! 326 бағыттың жүргізушілері жолды қар басып қалғандықтан соңғы аялдамаға дейін жете алмайды. Сондықтан қоғамдық көлікті пайдалану үшін өзге аялдамаға бару керек», -делінген хабарламада.

14:00- де келесі маршруттар бойынша қозғалыс тоқтатылды: 300, 305, 308, 309, 312, 315, 317, 317. Ал №№307, 315 бағдарларында да (Қоянды мен Жалтыркөл) бүгін ауа райына байланысты қозғалыс шектелді. Жібек жолындағы 322 маршруты соңғы аялдамаға дейін бармайды (4 шағын аудан).

Софиевка, Қабанбай батыр, Қызылжар, Қошкарбаев, Ақмол, Малотимофеевка, Шұбар тәрізді бағыттарда қала маңы пункттеріндгі маршруттар тоқтатылды. Қарағанды, Қорғалжын, Молотимофеевск, Павлодар бағыттарындағы күре жолдар жабық.

Хабар 24 телеарнасы