418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2019 жылғы әлемнің ең көрікті ерлерінің тізімін жариялады

  • 570
  • UPD: 22:57, 02.01.2020

Тәуелсіз сұлулық сарапшылары TC Candler 2019 жылғы әлемнің ең көрікті ерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1990 жылдан бері әр жылдың соңында сұлулығымен көзге түскен танымал тұлғалардың тізімі жасалады. Кәсіби модельдерден бөлек, бұл тізімде актерлер, спортшылар, әншілер мен блогерлер де бар.

Биылғы көріктілер тізімін америкалық актер Крис Эванс ашады. Marvel кино әлеміндегі Капитан Американың рөлін сомдаған К.Эванс 100-орында тұр. Сондай-ақ бұл тізімге әкелі-балалы Дэвид Бэкхем (20-орын) мен Бруклин Бэкхем (92-орын) қосылған. Әйгілі футболшының ұлы британдық модель және фотосуретші болып жұмыс істейді. Ал Арнольд Шварценеггердің ұлы – Патрик Арнольд Шрайвер Шварценеггер (актер, фотомодель) бірден 21-орыннан көрінді. Тағы бір танымал футболшы Криштиану Роналду 78-орынға тұрақтады. Ал аргентиналық футболшы Лионель Месси 2019 жылғы сұлулық тізімінен шығып қалған.

Болливуд жұлдыздары да тізімнен тұрақты түрде көрініп келеді: 95-орында Шахид Капур, 48-орында Сидхарт Мальхотра. Түркиялық актерлер арасында Шағатай Ұлысой - 31-орында, Барыш Ардуч – 37 орында және Джан Яман – 76-орынға жайғасқан. Харри Поттерді сомдаған британдық актер Дэниел Редклифф 79-орында тұр. «Тақтар таласы» сериалының жанкүйерлері британдық актер Кит Харингтонға дауыс беріп, 72-орынға шығарды.

Әншілер мен музыканттар арасында Чарли Пут (64-орын), Зейн Малик (60-орын), ресейлік әнші, актер Алексей Воробьев (23-орын) бар.

Тізімдегі орындардың басым бөлігі Голливуд жұлдыздарына берілген. Дуэйн Джонсон (94-орын), капитан Кирк рөлімен танылған Крис Пайн (55-орын), британдық Джейми Дорнан (51-орын), Зак Эфрон (49-орын), Арми Хаммер (32-орын) және тізімге 7 жыл қатарынан енген актер Идрис Эльба 18-орында тұр. 17-орында британдық Генри Кавилл, 13-орында жас актер Тимоти Шаламэ, 10-орында австралиялық Крис Хэмсворт бар.

2018 жылдың ең көрікті келбеті атанған Джейсон Момоа биыл 5-орынға сырғыған. 2019 жылдың үздік үштігін канадалық әнші Шон Мендес (3-орын), Феликс Чельберг ( Felix Kjellberg) немесе Пьюдипай — швед видеоблогері және шоу-бизнес өкілі (2-орын) және оңтүстіккореялық әнші, продюсер, BTS тобының басты вокалисі Чон Джонгук (1-орын) түйіндейді.

Еске сала кетсек, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2018 жылғы көрікті ерлер тізіміне еніп, 90-орын алған еді. Ал 2017 жылы 76-орында болған.

 

Хабар 24 телеарнасы