376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңына қатынайтын 14 автобустың қозғалысы тоқтатылды

  • 219
  • UPD: 11:58, 03.01.2020
Елорда маңына қатынайтын 14 автобустың қозғалысы тоқтатылды

Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауылдарға жүретін автобустардың жұмысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды фейсбукте Astana LRT компаниясы.

Ведомство мәліметінше, жолдардың жабылуына және ауа райына байланысты мына бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды: №300, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 326.

Ал қазіргі уақытта жолда қатынап жүрген бағдарлар: №301,302, 303, 304, 305, 306,307, 308, 309, 320.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең ақтүтек боранға байланысты Нұр-Сұлтан маңындағы және үш облыстағы жол жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы