418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында республикалық маңызы бар бірқатар жол ашылды

  • 479
  • UPD: 13:54, 03.01.2020
Ақмола облысында республикалық маңызы бар бірқатар жол ашылды blogspot.com

Ақмола облысында республикалық мақсаттағы жолдардың бірқатар учаскелері көліктің барлық түріне ашық, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

«Күннің ашылуына байланысты қаңтардың 3-і сағат 09:00-ден бастап республикалық мақсаттағы жолдардың «Нұр-Сұлтан - Петропавл» 18-231 шақырымы (Щучье - Нұр-Сұлтан), «Щучье - Зеренді» 0-80 шақырымы (Щучье - Зеренді),«Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» 42-51 шақырымы (Нұра ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскелерінде көліктің барлық түріне жол ашылды», - дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, бүгін таңда ақтүтек боранға байланысты Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында жол жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы