419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тез арықтаудың құпиясы неде

  • 749
  • UPD: 15:20, 03.01.2020
Тез арықтаудың құпиясы неде

Германиядағы Гисенский университетінің ғалымы Михаэль Дешпегель артық салмақтан арылудың оңтайлы жолын айтты, деп хабарлады Тенгри ньюс.

Ғалымның айтуынша, «2+2+4» ережесін міндетті түрде сақтау қажет екен: екі күн бойы адам бірқалыпты интенсивті кардиожаттығу жасауы керек, ал қалған екі күнде аз күш жұмсап жаттығу жасау және осы төрт күн бойы дұрыс тамақтануы қажет. Кардиожаттығуға норд жүрісі, таяқпен жүгіру, жүзу және велосипед тебу жатады, ал күш салу жаттығуларын үй жағдайында жасай беруге болады.

Осы схемаға байланысты, аптадағы қалған үш күнде физикалық жүктемені азайтып, тамақтан шектелмесе де болады.

Хабар 24 телеарнасы