418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер: 4 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

  • 504
  • UPD: 10:08, 04.01.2020
Синоптиктер: 4 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады sputniknews.kz

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болады, республиканың солтүстігінде қар жауады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, жел күшейеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, бұл атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 15-23 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы