418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы қай елдерге саяхаттаған қауіпсіз

  • 576
  • UPD: 12:27, 05.01.2020
2020 жылы қай елдерге саяхаттаған қауіпсіз

Батыстық туризм сарапшылары әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристер арасында сауалнама жүргізді.

Нәтижесінде саяхаттауға қауіпсіз және ыңғайлы елдерді анықтауға мүмкіндік беретін рейтинг жасалды, деп жазды Joinfo.ua.

Сауалнамаға ғаламдық Global Peace, Global Safety и Global пайдаланушылары қатысқан. Нәтижесінде 2020 жылы саяхаттау үшін әлемдегі ең қауіпсіз елдердің тізімі жасалды.

Рейтингтегі бірінші орынға Австралия жайғасты. 2019 жылдың күзінен бастап мұнда орман өрттері өршіді, көптеген аймақтарда төтенше жағдай режимі енгізілді, қауіпті жерлерде адамдарды құтқару үшін әскери кемелер мен ұшақтар жұмылдырылды. Алайда осының барлығына қарамастан, Австралия миллиондаған туристердің сұранысына ие болып отыр. 2020 жылы саяхатшылар өрт жоқ аймақтарын таңдамақ.

Екінші орында Швеция тұр. Бұл елді көбінесе жігерлі жастар таңдайды.

Ең қауіпсіз саяхат үшін үшінші орында Жаңа Зеландия тұр. Мұнда саяхатшыларға қоңыржай климат, көркем пейзаж бен таңғажайып инфрақұрылым ұнайды.

Рейтингтегі көшбасшылар бестігінде Франция мен Нидерланды да бар.

Хабар 24 телеарнасы