429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге жеке бас куәлігі жеткілікті

  • 1506
  • UPD: 09:08, 06.01.2020

Биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346 мың 800 отбасы алады. Ал атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін тағайындауға өтініш қабылдау 5 қаңтардан басталды. Мамандардың құжат рәсімдеуге жеке бас куәлігі жеткілікті дейді.

Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріле бастайды. Бұл мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Яғни бала санына қарай 42 496  теңгеден 74 388 теңгеге дейін төленеді. Егер бұл отбасы табысы бойынша аз қамтылғандар санатына жататын болса, онда бұл жанұяға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Яғни аз қамтылған көп балалы отбасы болса, көмектің барлық үш түрін алады.

Айнұр Әубәкірова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы:

- Осы жылдан бастап, жан басына шаққандағы кедейлік шегінің кіріс табысқа айырмашылығын, ғана төлейміз. Осы жылғы орташа кедейлік шек 24258  теңгені құрайды. АӘК тағайындау кезінде біз тек қана жеке бас куәлігіне ғана қараймыз. Базаға енгізіп бүкіл ақпаратты еннгіземіз. 

АӘК тағайындау кезінде отбасында табыс табатын жанның болуы міндет. Яғни мемлекетке масыл болмай, отбасын асырау әркімнің өз жауапкершілігі екенін ескеру қажет, дейді мамандар. Ал жұмыссыз болған жағдайда мемлекет тиісті қызмет ұсынады. Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек берілмейді.

Салтанат Станбаева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:

- Өзінің мамандығы бойынша да қарастырылады. АӘК-ге олардың күнкөріс деңгейі жан басына шаққанда 70 пайыздан төмен боп тұр. Сондықтан біз ол кісілерге жұмыс тауып береміз.

Өткен жылы әр балаға 24 мың 258 теңге тағайындалған болса, биыл бұл қаражаттың тек айырмалышығы төленеді. Жаңа форматқа сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері, отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен жанұя мүшелерінің күнкөріс деңгейінің 70 проценті арасындағы айырмашылықты құрайды. 

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы