377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертең Қазақстанның бірнеше өңіріне тұман түседі

  • 225
  • UPD: 15:42, 09.01.2020
Ертең Қазақстанның бірнеше өңіріне тұман түседі

Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

10 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Ал Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күшеюі кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Түркістан қаласында 10 қаңтар күні түнде және таңертең тұман болады.

Хабар 24 телеарнасы