«Қазгидрометтің» ақпаратына сәйкес елдің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды.
10-13 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Сондай-ақ Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.
12 қаңтарда Қостанай облысында тұман сақталады.
Ал Түркістан облысында тауда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с.
13 қаңтарда күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, батыстан соғатың желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде де тұман, көктайғақ күтіледі.
13 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.
13 қаңтарда Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.