422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұшақтағы оттегі маскаларының қандай жағдайда көмегі тиеді

  • 955
  • UPD: 12:08, 13.01.2020
Ұшақтағы оттегі маскаларының қандай жағдайда көмегі тиеді

Сарапшылар ұшақ салонында апатты жағдай болған кезде борттағы оттегі маскалары қалай көмектесетінін айтып берді, деп хабарлады ria.ru.

Express басылымының хабарлауынша, ұшар алдында экипаждың нұсқауларын мұқият тыңдау өте маңызды. Бортсеріктер оттегі маскалары мен құтқару күртешелерін қалай пайдалану керектігін көрсетеді.

Ұшақ төменгі бөлігінде оттегі толтырылған цистерналар болады. Алайда ұшақта ауа тапшылығына байланысты қандай да бір апатты жағдай болған кезде жолаушылар орындықтардың астында орналасқан химиялық оттегімен қамтамасыз етіледі. Мұндай кезде жолаушыларға маскалар автоматты түрде беріледі.

Әскери әуе күштерінің хирург дәрігері Грегори Пиннеллдің айтуынша, қысым жүйелері істен шыққан жағдайда ұшқыштар биіктікті ауаға қолжетімді деңгейге дейін төмендетуі керек. Содан кейін жақын маңдағы әуежайға апаттық жағдайда қонуы қажет.

Оның айтуынша, оттегі маскаларының арқасында жолаушылардың 10–20 минут бойы тыныс алуға мүмкіндіктері бар.

Хабар 24 телеарнасы