377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда және еліміздің екі өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 175
  • UPD: 16:23, 13.01.2020
Нұр-Сұлтанда және еліміздің екі өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Ақмола, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

13 қаңтарда таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

14 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын, кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Сол күні Қостанай қаласында қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы