376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» арнасындағы «Дөңгелек үстел» бағдарламасының арнайы шығарылымында зейнетақы жүйесіндегі жаңа реформалар талқыланады

  • 227
  • UPD: 18:03, 13.01.2020

«Дөңгелек үстел» бағдарламасының бүгінгі арнайы шығарылымында зейнетақы жинақ жүйесіндегі жаңа реформалар жан-жақты талқыланады.

Оның ішінде зейнетақы қорында жиналған ақшаны пайдалану мәселелері айтылады. Халықты толғандырған тақырыпты талқылауға тәжірбиелі сарапшылар мен жауапты орган өкілдері келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрі Біржан Нұрымбетов, еңбек ресурстарын дамыту орталығының жетекшісі Тамара Дүйсенова, банкир Болат Жәмішов және  экономист Олжас Құдайбергенов қатысады. Ал тікелей эфирге Алматыдан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова қосылады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында зейнетақы қорын пайдалануға қатысты Үкіметке тапсырма берген еді.

Хабар 24 телеарнасы