380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар ашылды

  • 220
  • UPD: 10:00, 15.01.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасағанҚазАқпарат.

Атап айтсақ, Самара - Шымкент автожолының Жосалы ауылынан Таң елдімекеніне дейінгі 1645-1702 шақырымында көліктің жүруіне рұқсат берілді. Сондай-ақ Екатеринбург - Алматы тас жолының Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі 856-917 шақырымында, сонымен қатар осы автожолдың Чистополье елді мекенінен бастап, Ақмола облысының шекарасына дейінгі 853-856 шақырымында жол ашылды. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда - Павлодар жолының 1066-1135 шақырымы (Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) мен Қарағанды облысының шекарасынан Бозшакөл елді мекеніне дейінгі 1135-1242 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 701 техника жұмыс істеп жатыр. Барлық сұрақтар бойынша 1403 номеріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы