376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның еңбек нарығында қандай мамандар сұранысқа ие

  • 207
  • UPD: 10:24, 15.01.2020
Қазақстанның еңбек нарығында қандай мамандар сұранысқа ие

Қазақстанда 6,7 миллион адам жалдамалы жұмыс істейді, деп хабарлады energyprom.kz.

Headhunter зерттеу орталығы 2019 жылдың еңбек нарығын қорытындылады. Компанияның мәліметінше, 2019 жылы бос жұмыс орындар саны 2018 жылмен салыстырғанда 1,68%-ға артқан. Hh.kz порталына өтініш білдірушілер саны 2,3 миллион адамнан асты.

Қазақстанның еңбек нарығында мына кәсіп өкілдері сұранысқа ие: сауда-саттық (18,2%), бухгалтерия (8,3%), әкімшілік персонал (7,2%), ақпараттық технологиялар, интернет және телекоммуникация (6,5%), сондай-ақ банктер, инвестициялар және лизинг (6,5%).

Бос жұмыс орындары бойынша алғашқы ондықты Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды ​​қалалары бастап тұр. Ондыққа одан кейін Атырау мен Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Орал қалалары жайғасқан.

Headhunter зерттеуіне сәйкес, 2019 жылы елімізде ең жиі талап етілетін жалақы мөлшері 120–180 мың теңге аралығын құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың үшінші тоқсанында елдегі орташа айлық жалақы мөлшері 191,1 мың теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы