377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

  • 211
  • UPD: 17:40, 15.01.2020
Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды gismeteo.kz

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде бұрқасын жел күтілетінін хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: күндіз 16 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

Қостанай облысы

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: күндіз 16 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: күндіз 16 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 16 қаңтарда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Көкшетау қ.: 16 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

16 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 16 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 16 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ.

Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысы:

2020 жылғы 16-18 қаңтар аралығы. 17 қаңтарда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 17 қаңтар, 18 қаңтарда түнде Павлодар, Қарағанды облыстарында, 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, Шығыс Қазақстан облысынының кей жерлерінде қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ.

Хабар 24 телеарнасы