380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

  • 220
  • UPD: 15:15, 16.01.2020
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

17-18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады.

Бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде ол 30 м/с жетуі ықтимал.

17 қаңтарда Ақмола облысында қар жауып, арты бұрқасынға ұласады. Күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін.

17 қаңтарда Қызылорда облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз күші 15-20 м/с болатын жел соғады.

17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Таңнан қар жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады.

17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұрқасын көтеріледі. Батыстан соғатын жел түнге қарай күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

17 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Бұрқасын жүреді. Батыстан, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін. Бұрқасын көтеріліп, кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы