375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі тергеушілердің орнын роботтар алмастыруы мүмкін

  • 213
  • UPD: 21:39, 16.01.2020

Түркістан қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда осы жаңалық айтылды. Сарапшылардың пікірінше, жаңа технологиялар қылмыстық істі тергеу барысында адами фактордың әсерін азайтады.

Қазірдің өзінде қазақстандық полицейлер қылмыстық істерді электрондық форматта жүргізуге көшкен. Дегенмен «роботты техника туралы айту әлі ерте» дейтіндер да бар. 500-ден астам заң өкілінің басын қосқан халықаралық жиында өзге де бірқатар мәселе қаралды. Соның бірі - қылмыстық-атқару жүйесін реформалау. Түркия, Ресей, Өзбекстаннан келген уәкілетті органдар мен еліміздегі  Жоғары Сот, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері заң аясында диалогтық алаң құрып, тәжірибелерімен бөлісті. Елімізде қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заң бойынша енді мас күйінде көлік тізгіндегендерге жаза қатаң. Мас болып жол апатына ұшырап, өзгенің өміріне қауіп төндіргендер бас бостандығынан айырылады. Өткен жылдың өзінде мас жүргізушілердің кінәсінен 12 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 мыңдай адамның өмірі қиылған.

Дәурен Мадалиев, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудандық сотының судьясы:

-Жол апатына қатысты қайғылы оқиғалардың басты себебі – жылдамдықты шамадан тыс асыру мен ішімдік ішіп көлік тізгіне отыру. Егер ішімдік ішпеген есі дұрыс адам шұғыл бір жағдай болмаса жылдамдықты арттырмайды. Ал мас адам арақашықтықты сақтамайды. Өзгенің өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан қатаңдатылған жаңа заң күшіне енді. Бұндай жаза дамыған елдердің тәжірибесінде бар. Біздің елімізде адамның өмірі ең басты құндылық саналады.

Хабар 24 телеарнасы