375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық тас жол жабылды

  • 277
Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық тас жол жабылды

Ауа райының колайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінші ауысымында оқитын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады. Қазір желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Осы орайда қаладан шығатын барлық тас жол жабылды. Қарлы бұрқасын салдарынан еліміз бойынша 32 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Осы орайда төтенше қызмет мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы