411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қауіпсіздік үшін қандай құпиясөздерді таңдаған жөн

  • 548
  • UPD: 17:12, 17.01.2020
Қауіпсіздік үшін қандай құпиясөздерді таңдаған жөн

Интернет желісінде қандай құпиясөздердің қауіпсіз екенін Zecurion аналитикалық орталығының жетекшісі Владимир Ульянов айтып берді, деп хабарлады iz.ru.

«Қауіпсіздікті талап ететін қызметтерді қолданарда 8-10 таңбалы сандар мен әріптерден, арнайы таңбалардан тұратын құпиясөз қою керек», - деді Ульянов.

Сонымен қатар бірнеше сөзден тұратын құпия фразаны пайдалануды ұсынды. Мысалы ол сүйікті әдеби шығарманың жолдары болуы мүмкін.

«Өкінішке орай, тіпті ең күрделі құпиясөздердің өзі қауіпсіздікке кепілдік болмайтын жағдайлар кездеседі. Ол үшін тек сенімді және дәлелденген ресурстарды таңдаған жөн», - деді Ульянов.

Айтуынша, қарапайым құпиясөздерді маңызды деректері жоқ қызметтерге пайдалануға болады. Мысалы несие картасына қосылмаған интернет дүкендердің аккаунттарына оңай құпиясөздермен тіркелуге болады.

Еске салсақ, осыған дейін ең сенімсіз құпиясөздердің тізімін жариялаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы