Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан шығатын барлық трасс жабылып, қала маңы маршруттарындағы қозғалыс тоқтатылған болатын.
Нұр-Сұлтан және Ақмола облысы әкімдіктері бірлесіп қоғамдық көліктердің қозғалысын қалпына келтіру үшін қар тазалау жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Smart Astana Bot-қа сілтеме жасап.
Қазір осы іс-қимылдың нәтижесінде №№ 300, 301, 303, 304, 305, 306, 312, 320, 322, 326 қала маңы бағдарларында қозғалыс қалпына келтірілді.