376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 151
  • UPD: 17:23, 20.01.2020
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде 21 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. 21 қаңтар күні күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент және Түркістан қалаларында тұман түседі.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын сақталады.

Хабар 24 телеарнасы