420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

  • 671
  • UPD: 16:50, 20.01.2020
Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қазгидромет 21-23 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін шамасында орнайды.

Қазақстан арқылы  үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен екпінді жел соғып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік облыстарында жылбысқы қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады .

Тұман салдарынан жолдардағы көру қашықтығы 50...500 м-ге дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы