379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар иістерді тарихта қалдырудың жолын іздеп жатыр

  • 144
  • UPD: 23:37, 20.01.2020
Ғалымдар иістерді тарихта қалдырудың жолын іздеп жатыр ВВС

Қаладағы кафелер мен кітап иісі секілді күнделікті өмірдің иістері біздің мәдениетіміз бен мұрамыз және бұлардың көбі қазір жоғалу алдында тұр, деп хабарлайды Қазақпарат ВВС басылымына сілтеме жасап.

Автор кітапсүйер қауым оның иісін ерекше жақсы көретінін және бұл иіс мәдени мұра бола тұра, жоғалып кетуі мүмкін екенін, келер ұрпаққа жетпеуі ықтимал екенін жазады. Сонымен қатар автор иістер де өзгеретіндіктен, оларды тарихта қалдырудың маңызды екенін айтады.

«Калифорния университетінің мәдени мұра институтының зерттеушісі Сессилия Бембибре «өліп» қалған иістерді қалпына келтіретін және қазіргі иістерді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізетін жолды табу үшін зерттеу жасап жүр. Ол адамзаттың иіс сезу мұрасы дұрыс зерттелмей жатыр деген ойда», деп жазады басылым.

2003 жылы ЮНЕСКО материалды емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция қабылдаған еді. Ол әлеуметтік тәжірибені, ауыз әдебиетін, орындаушылық өнерді қамтиды. Ал иістер бұл тізімге кірмеген. Автордың айтуынша, ғасырлар бойы иіс өмірлік маңызды рөл атқаратын мәдени дәстүрлер көп болған. 2018 жылы Франция, Пай де Грастың парфюмерияға қатысты дағдылары тізімге енгізілгенімен, иістер тағы да тыс қалды.

«Басқа мемлекеттер иістің құндылығын мойындады. 2001 жылы Жапониягың қоршаған ортаны қорғау министрі мемлекеттегі ең хош иісті 100 орынның тізімін жасады. Ал 2016 жылы Ыстанбұлда «Хош иіс және қала» деген көрме өтті. Онда 4 мың жылдық өркениетті иіс арқылы зерттеуге назар аударылған», деп жазады автор.

Ал Сессилия Бембибре қалалардың иісін сақтап қалғысы келеді. Сонымен қатар ол иістердің де архиві болуы керек деген ойда. Ол осы бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек.

Хабар 24 телеарнасы