375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 200
  • UPD: 11:51, 21.01.2020
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында 22 қаңтарда күндіз, 23 қаңтарда тәулік бойы қар жауып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде ол 30 м/с жетуі ықтимал.

22 қаңтарда Петропавл қаласында күндіз, 23 қаңтарда тәулік бойы қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Қостанай облысында 22 қаңтарда күндіз, 23 қаңтарда түнде қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да көп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы