419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабық тұр

  • 610
  • UPD: 10:51, 22.01.2020
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабық тұр

Республикалық маңызы бар тасжолдардың үш учаскесі ауа райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық тұр, деп хабарлайды Тengrinews.kz «ҚазАвтожол» ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды:

Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, км 15-105 (Белоусовка-Риддер) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін)

Өскемен Шемонаиха-РФ шекарасы, км 15-105 (Глубокое-Шемонаиха) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін)

Семей-Кайнар, км 8-144 (Семей-Саржал) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдарда 773 техника жұмылдырылған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақ бойынша 1403 нөміріне хабарласуыңыз сұралады.

Хабар 24 телеарнасы