375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтаннан бірнеше бағытқа шығатын жолдар жабылды

  • 150
Нұр-Сұлтаннан бірнеше бағытқа шығатын жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Елорда Инфо «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

  1. Екатеринбург – Алматы, 835-917 шақырым (Чистополье-Жақсы);
  2. Өскемен – Риддер – РФ шекарасы, 15-105 шақырым (Белоусовка-Риддер) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін);
  3. Семей – Қайнар, 8-144 шақырым (Семей-Саржал) (қоғамдық және жүк көліктері үшін);
  4. Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті, 16-205 шақырым (Нұр-Сұлтан-Павлодар обл. шекарасы);
  5. Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті, 200-242 шақырым (Ақмола облысының шекарасы - Бозшакөл);

«Республикалық маңызы бар автожолдарда 773 техника жұмылдырылған. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріне хабарласуларыңызға болады», – деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Хабар 24 телеарнасы