375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бірқатар бағыт бойынша жол жабылды

  • 144
  • UPD: 21:16, 22.01.2020
СҚО-да бірқатар бағыт бойынша жол жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сағат 16:00-ден бастап жауын-шашын түсіп, көріну нашарлағандықтан республикалық маңызы бар Тимирязево – Сарыкөл тасжолында барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынды. 18:00-ден боран болып, көріну нашарлағандықтан «Екатеринбург-Алматы» (Чистополье ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін), Көкшетау-Рузаевка (Саумалкөл ауылы – Рузаевко ауылы), Жезқазған-Петропавл (Новоишим ауылы – Ақмола облысының шекарасы) тас жолдары жабылды.

Таңертең Екатеринбург-Алматы тас жолының Чистополье ауданының Ғ.Мүсірепов атындағы ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы