379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде балаларға 192 түрлі дәрі-дәрмек тегін беріледі

  • 609
  • UPD: 11:46, 23.01.2020

Бұдан былай балаларға 192 түрлі дәрі тегін беріледі. Қызуды түсіретін, қабынуға қарсы және антибиотиктер қоймаларда дайын тұр. Бұлар ең жиі қолданылатын препараттар. Тегін ем-домды қалай алуға болады? 

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Тегін медициналық және міндетті әлеуметтік медициналық көмек шеңберінде бұдан былай 0-18 жас аралығындағы балаларға дәрі-дәрмек тегін беріледі.

- Сәлеметсіз бе? Маған мына дәріні бересіз бе?

- Рақмет.

Балалар ауырмасын. Дегенмен, ауыра қалған жағдайда бірден жергілікті дәрігеріңізге жүгінуге тиіссіз. Себебі, Педиатрдың анықтамасынан кейін ғана, ұсынған дәрілерін нұсқаулық бойынша сол емханадан тегін ала аласыз. Мектеп оқушыларына да жеңілдік көп. Оларға дәрігерлер өздері барып, денсаулығын тексеріп отырады.

Айтжан Әбілқасова, №6 емхананың мектепке дейінгі бөлімшесінің меңгерушісі:

- МӘМС бойынша балалар стоматологиялық көмекті тегін алады. Сол жақсы. Кариес, тіс ауырғанда тегін алады емханаға келіп. Профилактика жұмысы кезінде түрлі потологиясы бар балаларды біз бір айдың ішінде осы емханаға әкеліп, сақтандыру бөлімшесінде балаларға көмек жасаймыз.

Бір ғана елордадағы №6 емханаға 31 мыңнан астам бала тіркелген. Бұдан былай олар да нұсқаулық бойынша дәрілерді тегін алып, бұрын ақылы болып келген дәрігерлік қызметтер ақысыз көрсетіледі.

Айгүл Әбішева, №6 емхананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі:

- МӘМС бойынша 192 ауру түрі кіргізіліп, соған сай дәрі-дәрмек беріледі. Бұрын 5 жасқа дейін берсек, қазір 18 жасқа дейін тегін беріледі. Стоматология, окулистер, хирургия оның бәрі тегін көмек береді.

Бір айта кетерлігі, тегін  дәрілер әр емхананың өзінен беріледі. Бүгінде бұл препараттар бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына келіп түскен. Өңірлерге жөнелтуге дайын екен.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы