443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін халықаралық эскимо күні

  • 391
  • UPD: 15:07, 24.01.2020
Бүгін халықаралық эскимо күні

Әлем бойынша 24 қаңтар күні халықаралық эскимо күні тойланады.

Эскимо – шоколад глазурімен қапталған таяқшадағы кілегей балмұздағы.

1922 жылы 24 қаңтарда АҚШ-тың Онава қаласындағы тәттілер дүкенінің иесі Христиан Нельсон эскимоға патент алған. Дегенмен Нельсон балмұздақтың бұл түрін 1919 жылы ойлап тапқан және оны «Eskimo Pie» деп атаған. 

Эскимо атауының эскимостарға ешқандай қатысы жоқ. Деректер бойынша, аталған балмұздаққа ат қоюды Кристиан Нельсон өзінің әпкесіне тапсырған. Ол суыққа байланыстырып қою үшін осы атауды таңдаған көрінеді.

Ал Кеңес Одағының тұрғындары 1935 жылы эскимоның дәмін алғаш рет татты. Бұл азық-түлік жөніндегі халық комиссары Анастас Микоянның жеке бастамасы еді.

Ал қазіргі кездегі таяқшасы бар эскимо 1934 жылы шықты. Оған дейін таяқшасы болмаған. 

1937 жылы Мәскеу комбинатында тәулігіне 25 тонна балмұздақ шығаратын зауыт ашылды. Кейіннен бұл балмұздақ балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйікті тәттісіне айналды.

Бүгінгі таңда әлемде эскимоның отыздан астам түрі бар. Жеміс шырыны қосылған, суфле, вафли және жеміс-жидектер қосылған т.б. түрлері өте көп.

Хабар 24 телеарнасы