376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жүрген шетелдік номерлі көліктер уақытша тіркеуге алынады

  • 575
  • UPD: 16:05, 24.01.2020

Бұл өзгеріс елімізге Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізілген автомобильдерге қатысты.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«Шетелдік көлік иелері келесі жылдың 1 наурызына дейін кедендік баж салығын төлеп, өз темір тұлпарын елімізде біржола тіркеуі керек. Не болмаса елден шығарып, заңда көрсетілген міндеттерді орындауы тиіс» деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға жағдайды бағамдап, оған құқықтық баға беруді тапсырды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тасымалданған көліктерді уақытылы тіркемеу Қазақстанда дау тудырып отыр. Мәселен, Ресей мен Қырғызстанда біздің азаматтарымыз автокөліктерге сенімхат арқылы қол жеткізіп жатыр. Осы арқылы олар көліктің иесі болып есептеледі де, Қазақстанда тіркеуге тұрмай ақ жүре береді. Ал Арменияда қазақстандықтар еліміздің заңын бұзып, техникалық құжат рәсімдейді. Мұндай көліктердің басым көпшілігі бізде тіркеуге алынбайды. Қазір елімізде осындай мыңдаған көлік бар.

Хабар 24 телеарнасы