376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қар, бұрқасын... демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

  • 207
  • UPD: 16:33, 24.01.2020
Қар, бұрқасын... демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды ҚазТАГ

Қазгидромет 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бір циклон Батыс Сібір аймағынан өтпей жатып кезекті циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. Соған байланысты тағы да қар, кей жерлерде қатты қар, көріну қашықтығын 50...200 м-ге дейін нашарлататын бұрқасын, сондай-ақ дауылды жел күтіледі. Оңтүстікте және батыста жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын, жаңбыр және қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болжанады.

Ауа температурасының ауытқуына қарамастан, алдағы үш тәулікте оның көрсеткіші көпжылдық орташа мәннен 4...10°С жоғары болады.

Хабар 24 телеарнасы