376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды – Қазгидромет

  • 208
  • UPD: 18:00, 25.01.2020
Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды – Қазгидромет

Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райына қатысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

26 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с дейін жел соғады. Ақтау қаласында 26 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

26 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын байқалып, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 26 қаңтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде – 23 м/с дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы