377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әуежайында бірқатар рейс кейінге шегерілді

  • 174
  • UPD: 12:22, 28.01.2020
Елорда әуежайында бірқатар рейс кейінге шегерілді

28 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 19 рейс кешіктірілген.

Елордадан Тараз (SCAT), Талдықорған (Qazaq Air), Алматыға екі рейс, Орал, Новосибирск («Эйр Астана»), Бейжің (Air China) қалаларына ұшатын рейстер кешіктірілуде. 

Нұр-Сұлтанға Сиань, Өскемен, Тараз, Санья (SCAT), Алматы, Омбы, Орал, Атырау («Эйр Астана»), Талдықорған және Ақтөбе (Qazaq Air), Бейжің (Air China), Семейден (Fly Arystan) келуі тиіс 12 рейс те кейінге шегерілді. Тағы 13 рейс тоқтатылды. Қосымша мәліметті nn-airport.kz сайтынан көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы