431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы Үшарал-Достық бағытындағы тас жол жабық

  • 300
  • UPD: 13:33, 28.01.2020
Алматы облысы Үшарал-Достық бағытындағы тас жол жабық

Ауа райының қолайсыздығынан Алматы облысының Үшарал-Достық бағытындағы жол жабылды.

Жетісу Алатауы қақпасынан соққан қарлы боран салдарынан екі көлікке мінген үш адам діттеген жеріне жете алмай қалған. Орта жолда қалған жолаушыларды кеше түнде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қар құрсауынан шығарып, кері қайтарды. Жалпы, өңірде қыс басталғалы бері облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар автомагистральдар 24 рет жабылды. Сала мамандары Алтынемел асуы, Үшарал-Достық бағыты және өзге де қауіпті аймақтардан 40 техника мен 70 адамды құтқарған.

 

 

Хабар 24 телеарнасы