381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыртқы істер министрлігінде коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды

  • 177
  • UPD: 16:10, 28.01.2020
Сыртқы істер министрлігінде коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қытайда тараған коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 номері бойынша хабарласуға болады», - делінген ведомствоның Telegram-ында жарияланған ақпаратта. Сонымен қатар ҚХР-дың кейбір қалаларында карантин енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы азаматтарымыз үшін Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы қауырт желі ашылды.

Хабар 24 телеарнасы