420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда бірнеше автобустың қозғалысы уақытша өзгерді

  • 328
  • UPD: 15:40, 30.01.2020
Нұр-Сұлтанда бірнеше автобустың қозғалысы уақытша өзгерді

Елордадағы №2, 9, 11, 39, 80 автобустардың қозғалысы уақытша өзгерді, деп хабарлады Астана LRT.

«Кейбір қала ішіндегі көшелерді қар басуына байланысты қоғамдық көлік қозғалысы қиындады, сол себепті қалалық бағдарлар уақытша келесі аялдамаларға кірмейді», - делінген хабарламада.

№9 бағдар «Дәурен» балабақшасына дейін бармайды;

№2 бағдар М.Шоқай көшесіне кірмей, Шалкөде көшесі арқылы жүреді;

№11 бағдар «Социум» т/а кірмейді;

№34 бағдар Сарыөзек көшесіне кірмей, Қайнар көшесі арқылы жүреді;

№39 бағдар «Алай» базарына кірмейді;

№80 бағдар «Интернациональный» т/а және «Күйгенжар» т/а соңғы аялдамаларына кірмей жүреді.

Хабар 24 телеарнасы