432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО мектептерінде сабақтар тоқтатылды

  • 490
  • UPD: 09:37, 31.01.2020
ШҚО мектептерінде сабақтар тоқтатылды

Шығыс Қазақстанда қатты аязға орай мектептерде сабақ шегерілді.

Семей қаласында сынап бағанасы -28 градусты көрсетіп тұр. Сол себепті 1-4 сынып оқушылары мектепке бармайды. Қатонқарағай, Ұлан аудандарында да осындай шешім қабылданды. Өйткені шалғай өңірлерде де үскірік аяз.

Мәселен, Көкпекті, Бородулиха, Бесқарағай, Алтай сынды аудан оқушылары толықтай сабақтан қалды. Аталған аймақтарда ауа температурасы 33-36 градусқа дейін төмендеп тұр. Синоптиктер ақпанда облыс бойынша аязды күндердің екі толқыны болатынын ескерткен болатын. Қазір соның алғашқысы өтіп жатқанға ұқсайды.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы