376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақпанда еліміздегі Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары демалыссыз жұмыс істейді

  • 199
  • UPD: 16:32, 31.01.2020
Ақпанда еліміздегі Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары демалыссыз жұмыс істейді

Уақытша тіркеуде тұрған қазақстандық көлік жүргізушілерге бір ай ішінде барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік беру үшін мекемелер аптасына жеті күн жұмыс істейді.

Қазақстандағы барлық Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 1-29 ақпан аралығында демалыссыз 9:00-ден 20:00-ге қызмет көрсетеді, деп хабарлады kolesa.kz.

Дегенмен демалыс күндері тек қана ЕАЭО елдерінен келген көліктерді уақытша тіркеуді жүзеге асырады. Басқа қызметтер (қазақстандық автомобильдерді тіркеу және қайта тіркеу т.б. қызметтер) көрсетілмейді.

Еске салсақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения, Ресей, Қырғызстан және Беларусьтен әкелінген көліктерді бір жылға уақытша тіркеуді тапсырған болатын.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерге арнайы мемлекеттік нөмір мен техникалық құжат берілетінін хабарлаған болатынбыз.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы