378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көпшілік арасынан дене қызуы көтерілген адамды анықтайтын аппараттар орнатылды

  • 179
  • UPD: 20:05, 31.01.2020

Коронавирусқа қарсы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында 8 стационарлық аппарат орнатылды.

Өңірлерде жылжымалы 30 тепловизор бар. Оның артықшылығы бір топ адамдардың арасынан қызуы көтеріліп тұрғанын бірден анықтайды. Мамандар коронавирустың беті қайтқанша тағы бірнешеуін алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 700 млн теңгедей қаражат қажет.    

Дәрия Әзімбаева,  әуе көлігіндегі санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда санитарлық-карантиндік бақылауда біздің мамандар борттың ішіне кіріп, әр жолаушының температурасы өлшейді. Сонымен қатар стационарлық тепловизор бар, олардан өтеді. Жоғары температуралы адам анықталатын болса, бірінші этажда изолятор бар. Аэропорттың медициналық мамандары оларды қарайды. Қаладан инфекционистерді шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы