429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

  • 1608
  • UPD: 13:32, 03.02.2020
Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен республикамыздың көптеген облыстарында жаңбыр, жылбысқы қар, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар, бұрқасын мен екпінді жел және көктайғақ болады.

Жылы ауа массалары оңтүстік пен батыста ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауына әкеледі. Алдағы тәуліктерде температураның көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күндізгі температура минус 5…плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С, оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары болады.

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы