399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең қауіпсіз елдер

  • 2180
  • UPD: 17:50, 04.02.2020
Әлемдегі ең қауіпсіз елдер

Елдердің қауіпсіздігін анықтайтын екі негізгі көрсеткіш бар. Олар: жаһандық терроризм индексі және қаржылық индекс.

Олай болса, әлемдегі ең қауіпсіз 5 елді ұсынамыз.

Исландия

Соңғы 17 жыл ішінде Исландияда 100 000 тұрғынға шаққандағы зорлық-зомбылық көрсеткіші шамамен 1,8 деңгейін көрсетеді. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 5,8 құрайды. Бір таңқаларлығы, екі елде де қару-жарақ еркін түрде қолжетімді.

Исландиялық балалар өзі жүре бастағаннан кейін ата-ананың, күтушінің қарауынсыз өзі-ақ қыдырып жүре береді. Оның өзі қылмыстың төмен деңгейінің арқасында.

Тағы бір таңқаларлық факт: қазір Исландияда шамамен 150 тұтқын бар. Олар сонымен қатар демалыс күндері түрмеден шығып үйлеріне барып келе алады.

Сондай-ақ Исландияда халық арасында наразылық болмайды. Соңғы 10 жылда болған наразылықтар – Тролдер партиясына қарсы митинг және ананас қосылған пиццаны қолдауға арналған халық наразылығы. Құдды бір ертегі дерсіз!

Бұл елге бару үшін шенген визасы қажет.

Сингапур

Қылмыс индексі бойынша, бұл Исландиямен салыстырғанда одан да қауіпсіз ел. Көрсеткіш 100 000 тұрғынға шаққанда 0,38-ді көрсетеді. Сингапурде қару-жарақ пен есірткі заттарға мүлдем тыйым салынған, сонымен қатар көшеде жаман сөз айтып ұрысуға, қоқыс тастауға және тыйым салынған жерде темекі шегуге болмайды. Бұл ережелерді бұзғандарға 600-ден 1000 АҚШ долларына дейін айыппұл салынады.

Қазақстан сияқты Сингапур де көп ұлтты ел, мұнда малай, үнді, индонезия, араб және еуропалық мәдениеттер араласып жатыр. Соған қарамастан мұнда ешқандай мәдениетаралық қақтығыстар жоқ.

Адам сенгісіз болып көрінуі мүмкін, бірақ Сингапур үкіметі (олардың мәліметтері бойынша) елдегі сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жойған. Кез келген мөлшерде жемқорлық жасаған адам ұзақ мерзімге түрмеге қамалады және бамбук қамшымен сабалады.

Сингапурде орташа жалақы 4500 АҚШ долларын құрайды, қаладағы 1 бөлмелі пәтерді 1000-2000 долларға жалға алуға болады. 

Сингапурге туристік виза онлайн режимде беріледі. Дегенмен 18-30 жас аралығындағы жалғыз саяхат жасағысы келетін қыздарға электронды виза берілмейді. Ата-анасының немесе күйеуінің рұқсаты керек.

Кипр

Кипрдегі ең ерекше бір нәрсе, 2018 жылға дейін олар есіктерін, көліктерін ешқашан кілттеп жаппайтын (тіпті түнде де). Алайда шетелдік қонақтардың көптеп келуі ұсақ қылмыстар санын арттырды. Кез келген ұсақ-түйек құқықбұзушылыққа 100 доллардан бастап айыппұл салынады.

Кипрде орташа жалақы шамамен 2500 АҚШ долларын құрайды, ал тұрғын үй мен тамаққа 25-30%-дан аспайтын қаржы жұмсалады.

Люксембург

Бұл шағын мемлекетте бар болғаны 500 000 адам өмір сүреді және олардың барлығы өмірлеріне разы.

Люксембургтегі экономика үнемі өсіп келеді. Бұл елде көптеген халықаралық банктер мен ең ірі әлемдік компаниялардың штаб-пәтерлері бар.

Жергілікті тұрғындардың жалақысы жылына 35 000 АҚШ долларын құрайды. Ол кірістің 23%-ы жалдамалы тұрғын үйге кетеді. Жергілікті тұрғындар көбісінің хоббиі – шарап жасау және бау-бақша егу. Неге десеңіз, олар тиын санап, алдағы күнкөрісін ойлап отырғысы келмейді екен. Люксембургтіктер өздерінің бақыт деңгейін 10 балдық шкаланың 7,1-іне теңейтін көрінеді.

Жаңа Зеландия

Дүниежүзілік қауіпсіздік рейтингінде Исландия екінші, ал  үшінші орынға  Жаңа Зеландия жайғасқан. Қылмыстың индексі жылына 100 000 адамға шаққанда 0,7 құрайды.

Бұл елде сыбайлас жемқорлық жоқ. Біріншіден, заңдары өте қатал, екіншіден, кірістер жоғары. Мұндағы ең төменгі жалақы 2700-2900 АҚШ долларын құрайды, кірістің 30%-ы тұрғын үйге жұмсалады.

Соңғы бес жыл ішінде Жаңа Зеландияда ұлттық наразылықтар немесе ұлттық немесе мәдени негізде қақтығыстар болмаған. Дүниежүзілік толеранттылық индексінде Жаңа Зеландия үздік бестікке кіреді.

Қазақстандықтар 2020 жылы қай елдерге визасыз бара алады?

Ауасы ең таза ел анықталды

Еліміздегі әрбір қазақстандық баруы тиіс таңғажайып жерлер

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы