448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

  • 383
  • UPD: 17:53, 04.02.2020
<span class=favorites>Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді</span> егемен.кз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында кезекті шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлады.

Қала азаматтарын әлеуметтік қолдауға бағытталған шара 5 ақпан күні сағат 10:00-13:00 аралығында жұмыс істейді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламаларды жұртшылыққа насихаттау.

Шара аясында жұмыс іздеушілер жұмыс беруші ұйым өкілдерімен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, түйіндемесің жұмыс берушілерге қалдыра алады.

Айта кетсек, алдағы уақытта шағын жәрмеңкелер апта сайын өткізілмек.

Хабар 24 телеарнасы